Мықты көшбасшыларды дамытамыз

Біз ұйымыңыздың барлық деңгейінде нәтижелі көшбасшыларды дамытып, адамдарды ортақ мақсат пен басымдықтар төңірегінде біріктіреміз.

Талдамалық есеп

ЖИ арқылы трансформация: адамның шешуші рөлі

Өзгерістер, сенім және жасанды интеллект

Тегін нұсқаулық

Кәсіби қажудан серпіліске

Қызметкерлердің жұмысқа берілгендігін және нәтижелерін арттырыңыз

Тегін нұсқаулық

Түбегейлі өзгеріс көп, көшбасшылық аз

Кәсіби қажу мен жұмысқа қызығушылықтың төмендеуіне себеп болатын алшақтық

Тікелей эфирдегі вебинар

Түбегейлі өзгерістен айқын бағытқа

James Patterson және Patrick Leddin, Ph.D. қатысуымен


Стратегия мықты көшбасшылар адамдарды әрекет етуге шабыттандырған кезде ғана шындыққа айналады.

Көшбасшыларыңыз ұйымның өзгерістерге қалай жауап беретінін, жаңалықтарды қаншалықты тез енгізетінін және ең маңызды мақсаттарына қалай жететінін тікелей айқындайды. Біз барлық деңгейде айқындық пен өзара байланысты қалыптастыратын, командаларды ортақ мақсат пен басымдықтар төңірегінде біріктіретін және таңдалған бағытты батыл әрекетке айналдыратын нәтижелі көшбасшыларды дамытамыз.

FranklinCovey зерттеуге негізделген пәрменді материалдарды, тәжірибелі кеңесшілер мен оқу жүргізушілерін және инновациялық технологияларды ұштастырады. Бұл көшбасшыларыңызға стратегияның табысты болуы үшін қажет пайымды шешімдерді, жеке жауапкершілікті және ілгерілеу қарқынын қамтамасыз ететін ойлау ұстанымдары мен мінез-құлық үлгілерін меңгеруге көмектеседі.


Біздің шешімдер көшбасшылардың өздеріне деген көзқарасын өзгертіп, олардың өз командаларымен жұмысын жаңғыртады
және қол жеткізетін нәтижелерін жақсартады. 

Мықты көшбасшылар басқаларды жұмылдыру және ықпалын кеңейту мүмкіндіктерін көреді.

Тиімді көшбасшылық ұстанымдарын меңгеріп, бойына сіңірген сайын басшылар:

  • Мінезін шыңдап, құзыреттілігін дамытады.
  • Эмоциялық төзімділігі мен икемділігін арттырады.
  • Өзінің өмірлік мақсатын түсініп, оны бизнестің негізгі мақсаттарымен байланыстырады.

НӘТИЖЕ: Көшбасшылар мінез-құлқын түбегейлі әрі тұрақты өзгертіп, айналасындағы адамдарға оң ықпал етеді.

Мықты көшбасшылар адамдарды бірлескен әрекетке жұмылдырып, жұмысқа берілгендігін арттырады.

Қағидаттарға негізделген тиімді көшбасшылық дағдыларын дамыта отырып, басшылар:

  • Идеяларын өзгелерді осы жолға қосылуға шабыттандыратындай анық жеткізіп, ортақ көзқарас пен стратегия қалыптастырады.
  • Барлығының күш-жігерін ортақ мақсатқа бағыттап, оған бірге жету үшін әр адамның зияткерлік әлеуетін ашады.
  • Өзара байланысты нығайтатын және айырмашылықтарды артықшылық деп қабылдайтын, сенімі жоғары командалар құрады.

НӘТИЖЕ: Команда мүшелері мінез-құлқын өзгертіп, бизнес нәтижелерін жақсартады және ұйым мәдениетін жаңғыртады.

Мықты көшбасшылар серпінді нәтижелерге қол жеткізеді.

Тиімді көшбасшылық мінез-құлқын тұрақты қолдана отырып, басшылар:

  • Компанияның болашаққа көзқарасы мен стратегиясын басқалармен бірге және олардың көмегімен іске асырады.
  • Коучинг арқылы өзгелердің мақсаттарға жету және мәселелерді шешу қабілетін арттырады.
  • Өзгерістерді қабылдап, оларды еңсере отырып, кез келген жағдайда нәтижелерді жақсартады.

НӘТИЖЕ: Көшбасшылар мен командалар жұмысқа берілгендік, өнімділік және инновациялар бірін-бірі күшейтетін ортада айрықша бизнес нәтижелеріне қол жеткізеді.



Көшбасшылықты дамытудағы табыс тарихтары

Advent Health

Көшбасшыларды анықтау, дамыту және олардың өсуіне қолдау көрсету

AdventHealth көшбасшыларды анықтап, дамытып, олардың ұзақ мерзімді өсуіне қолдау көрсететін мәдениет пен ұйым құруды көздеді. Даму мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігінен компания басшылардың жиі ауысуына тап болды. Олар қызметкерлерді тек жеке жұмыстағы нәтижелеріне қарап басшылыққа тағайындау жеткіліксіз екенін түсінді. AdventHealth FranklinCovey All Access Pass® шешімдерінің көмегімен көшбасшылықты мақсатты дамытып, осы қиындықтарды еңсерді. AdventHealth басшыларын дамыту және олардың тұрақтамауын 50%-ға азайту үшін All Access Pass бағдарламасын қалай пайдаланғанын осы клиент тарихынан көріңіз.

Five Star Call Centers

Нәтижелілікті арттыру және кадр тұрақтамауын азайту үшін олқылықтарды жою

Five Star Call Centers көшбасшылықтағы олқылықтарды жою және ұйым нәтижелілігін арттыру үшін FranklinCovey компаниясымен серіктестік орнатты. Кадр тұрақтамауы мен жұмысқа берілгендіктің төмендеуіне тап болған компания жоғары басшылықтың қатысуын және жауапкершілік тетіктерін қамтитын жүйелі көшбасшылықты дамыту бағдарламасын енгізді. Нәтижесінде қызметкерлердің жұмысқа берілгендігі едәуір артып, кадр тұрақтамауы азайды және стратегиялық бизнес мақсаттары асыра орындалды. Бұл тәжірибе ұйым ішінде көшбасшылық жүйесін дамытудың маңызын көрсетеді.

Нью-Брансуик үкіметі

Мемлекеттік қызметтерді жақсарту үшін болашақ көшбасшыларды дамыту

Нью-Брансуик үкіметі FranklinCovey компаниясымен серіктестікте Aspiring Leaders бағдарламасын әзірледі. Бұл 18 айлық бастама мамандар мен жаңадан тағайындалған басшыларға арналған: жүйелі оқыту және әріптестермен кездесулер арқылы көшбасшылық құзыреттерді дамытады. Бағдарлама көшбасшылық дағдылардың 7,3%-ға жақсарғанын және қызметкерлердің жұмысқа берілгендігінің артқанын көрсетті. Түпкі мақсаты — Нью-Брансуик тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

APi Group

Барлық деңгейдегі көшбасшылардың мүмкіндіктерін кеңейту

APi Group «Жасампаз жандардың 7 дағдысы®» бағдарламасын қолданып, дағдарыстарды үнемі шұғыл шешу мен кәсіби қажу ахуалынан барлық деңгейдегі көшбасшыларға мүмкіндік беретін, өсуге бағытталған проактивті мәдениетке көшті. Адамды тұтас қарастыратын тәсіл мен 7 дағдының әмбебап қағидаттары APi командасының көшбасшылық және жеке даму дағдыларын қалай жаңғыртып, үздік нәтижелерге жетуге көмектескенін біліңіз.


Нәтижелі көшбасшылыққа апаратын жолыңызға шолу
 

Мінез-құлықтың тұрақты өзгеруі адамның ішкі дүниесінен басталады. Адамның болмысы мен дүниетанымы оның өзгелермен қарым-қатынасына және көшбасшылығына әсер етеді. Біздің Impact Journeys даму жолдарымыз бірегей материалдарды, тәжірибелі кеңесшілерді және қуатты технологияларды біріктіріп, адамдардың ойлауы мен мінез-құлқын өзгертуге көмектеседі.

Төменде Impact Journey мысалымен танысыңыз:
Шабыттандырушы ретінде әрекет ететін сәттеріңізді көбейтіңіз.

  • 01 Excelerators
    Шабыттандырушы әсері

    Үздік көшбасшылар әр адамның дарынын ашады. Мінез-құлқыңызды өзгертіп, команда мүшелерінің зияткерлік әлеуеті мен қабілеттерін арттыратын шабыттандырушы әсерін қалыптастыруды үйреніңіз.

    Ұзақтығы: 30–60 мин

  • 02 Jhana
    Өзгелердің әлеуетін байқамай шектейтініңізді қандай белгілер көрсетеді?

    Сізге жеке маман ретінде көмектесетін кейбір күшті қасиеттеріңіз өзгелердің зияткерлік әлеуетін шектеуі мүмкін. Осы бағалау арқылы олардың өсуіне кедергі келтіретін мінез-құлық үлгілерін анықтаңыз.

    Ұзақтығы: 5 мин

  • 03 Жүргізушімен онлайн
    Шабыттандырушылар®: үздік көшбасшылар әр адамның зияткерлік әлеуетін қалай ашады

    Үздік көшбасшылар — өзгелердің зияткерлік әлеуетін ашатын шабыттандырушылар. Айналаңыздағы адамдардың қабілеттерін пайдаланып, дамыта отырып, шабыттандырушы болуды және нәтижелілікті арттыруды үйреніңіз.

    Ұзақтығы: 1 күн

  • 04 InSights
    Жақсара түсіңіз: аз сөйлеп, көп тыңдаңыз

    Адамды шын көңілмен тыңдау арқылы оған бейжай қарамайтыныңызды көрсетесіз. Сіз өзгелерді тек жауап беру үшін ғана тыңдамайсыз ба?

    Ұзақтығы: 5 мин

  • 05 Exclerators
    Ортақ көзқарас пен стратегия қалыптастырыңыз®

    Әрбір мықты көшбасшы өз көзқарасын басқалар оны жүзеге асыруға көмектескісі келетіндей жеткізе білуі керек.

    Ұзақтығы: 30–60 мин


FranklinCovey All Access Pass® мүмкіндіктерімен танысыңыз

FranklinCovey компаниясының көшбасшылық жөніндегі барлық материалдарына қажет уақытта және қажет жерде қол жеткізіңіз. Нәтижелі көшбасшыларды дамытуға сарапшы кеңесшілер мен технологиялар да көмектеседі.

Толығырақ

Нақты нәтижелерге қол жеткізетін мықты көшбасшыларды дамытыңыз.

Алғашқы қадамды жасап, FranklinCovey сарапшысымен байланысыңыз.

Көрсетілім сұрау

info@franklincovey.kz