Бейнелер
Адамдарға өз бетінше және басқалармен бірге тиімді жұмыс істеуге қажетті негізгі адами дағдыларды меңгеріп, дамытуға көмектесіңіз. Бұл ұйымның табысына ықпал етеді.
«Жасампаз жандардың 7 дағдысы®» эмоционалдық интеллектіні дамытуды, мәселелерді проактивті шешуді, жоғары сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуды және өзін басқаруды көздейтін ұйымдар мен адамдарға әсіресе пайдалы.
Мамандар мен басшыларды ыңғайсыз мәселелерді тиімді талқылауға және сөзсіз туындайтын эмоциялық реакцияларға дұрыс жауап беруге дайындаңыз.
«Күрделі әңгімелер: шиеленістен ілгерілеуге» қызметкерлерге күрделі әңгімелерді сенімді жүргізіп, маңызды мәселелерді шешуде алға жылжуға көмектескісі келетін ұйымдарға әсіресе пайдалы.
Қатысушыларға тікелей бағынышты болуы да, болмауы да мүмкін команда мүшелерін өз еркімен бар күшін салуға ынталандыратын ойлау тәсілдерін, дағдылар мен құралдарды беріңіз.
«”Бейресми” жоба менеджерлеріне арналған жобаларды басқару™» маңызды жобаларды бастап, уақытында әрі сапалы аяқтаудың бірізді үдерісі қажет ұйымдарға әсіресе пайдалы.
Барлық деңгейдегі басшыларға басқалармен бірге және олардың көмегімен нәтижеге жетуге қажетті негізгі дағдылар мен құралдарды беріңіз.
«Команданы басқарудың аса маңызды 6 практикасы» өз бетінше жұмыс істейтін маманнан адамдарды басқаратын жетекшіге ауысатын жаңа басшыларға, сондай-ақ команданы тиімді басқару жөнінде практикалық әрі өзекті нұсқаулық қажет адамдарға әсіресе пайдалы.
Қатысушыларға бейсаналы жаңсақ пікірлердің іс жүзіндегі көріністерін танып, олардың ықтимал зиянды әсеріне қарсы тұруға мүмкіндік беретін практикалық дағдыларды дамытуға көмектесіңіз.
«Бейсаналы жаңсақ пікірлер: әлеуетті ашу үшін жаңсақ пікірді түсіну» әр адамды құрметтейтін, ортаға қосатын және бағалайтын мәдениет қалыптастырғысы келетін ұйымдар мен командаларға әсіресе пайдалы.
Басшыларға талант туралы түсінігін кеңейтіп, үдерістерді стандарттау арқылы жұмысқа қабылдау мен қызметте ілгерілету шешімдеріне жаңсақ пікірлердің әсерін азайтуға көмектесіңіз.
«Инклюзивті жұмысқа қабылдау және қызметте ілгерілету» команда мүшелерін жұмысқа қабылдайтын немесе қызметін жоғарылататын басшыларға әсіресе пайдалы.
Көшбасшыларға күнделікті әрекеттерінде инклюзивтілікке басымдық беріп, жаңсақ пікірлерді еңсеруге және әр адам өзін бағалы сезінетін орта қалыптастыруға көмектесіңіз.
«Инклюзивті көшбасшылық: инклюзивтілікті дамытып, команданы нығайтудың практикалық тәсілдері™» әралуандық пен инклюзивтілік мәдениетін дамытатын ұйымдарға әсіресе пайдалы.
Басшыларға қызметкерлердің жұмысқа берілгендігін арттыруға көмектесіп, клиенттер тәжірибесін үздіксіз жақсартуға арналған құралдар мен үдерістерді беріңіз.
«Клиенттер адалдығын қалыптастырудағы көшбасшылық» қызметкерлер мен клиенттердің адалдық мәдениетін қалыптастыруды көздейтін ұйымдарға әсіресе пайдалы.
Сату басшыларын команда мүшелерін шабыттандыруға, коучинг арқылы қолдауға және дамытуға дайындаңыз. Бұл бүкіл сату циклі бойында ең маңыздысына назар аударуға көмектеседі.
«Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу: сатудағы түбегейлі өзгеше көшбасшылық» командаларын тиімдірек басқарып, дамытқысы келетін сату басшыларына әсіресе пайдалы.
Сату мамандарын бәсекелестерге қарағанда клиент үшін маңыздырақ, өзгеше әрі есте қаларлық қарым-қатынас орнату арқылы клиенттерді қызықтыруға дайындаңыз.
«Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу: клиенттерді қызықтыру» әр әңгімені нәтижелі етіп, клиенттерді әрекетке ынталандырғысы келетін сату мамандарына әсіресе пайдалы.
Сату мамандарына клиент үшін маңызды, өзгеше әрі есте қаларлық құндылық ұсынысын қалыптастырып, оны сатып алу жолында сүйемелдеуге көмектесіңіз.
«Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу: шешім қабылдауды ілгерілету» клиентті шешім қабылдау үдерісінен шебер өткізгісі келетін сату мамандарына әсіресе пайдалы.
Сату мамандарын маржаны арттырып, клиенттердің қанағаттануын қамтамасыз ететін өзара тиімді нәтижелерге жетуге дайындаңыз.
«Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу: өзара тиімді келіссөздер жүргізу» қысыммен тиімді жұмыс істеп, құндылық алмасу және қарсылықтарды шешу арқылы келіссөз жүргізу шеберлігін арттырғысы келетін сату мамандарына әсіресе пайдалы.
Сарапшымен байланысып, көшбасшылық пен ұйым нәтижелілігін дамытудағы FranklinCovey серіктестігі адамдардың әлеуетін ашу арқылы стратегияңызды күшейтіп, ең маңызды мақсаттарға жетуге қалай көмектесетінін біліңіз.













