4-тәртіп: есептілік ырғағын қалыптастырыңыз

Талдау есебі

ЖИ арқылы трансформация: адамның шешуші рөлі

Түбегейлі өзгерістерді, сенімді және ЖИ-ді зерттеңіз

Тегін нұсқаулық

Сілкіністен стратегиялық артықшылыққа

Көшбасшылар түбегейлі өзгерістерді мүмкіндікке қалай айналдырады

Тегін нұсқаулық

Нәтижеліліктің төмендеуі: көшбасшы алдындағы сын

Қажетті дағдылар жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді

Вебкаст

Стратегиялық мақсаттарды серпінді нәтижелерге айналдырыңыз

«Орындаудың 4 тәртібі» кітабының авторларымен бірге

Жауапкершілік әрекет ету қабілетін қалыптастырады.

Әр команда табыстарды атап, сәтсіздіктерді талдап, қажет кезде бағытты түзететін қарапайым апталық процеске қатысады. Осылайша нәтижелілікті басқарудың пәрменді жүйесі құрылады.

Есептілік ырғағы — аса маңызды мақсатқа® арналған тұрақты әрі жиі командалық кездесулер ырғағы. Олар апта сайын, кейде күн сайын өтеді. Ең дұрысы, кездесу 20 минуттан аспайды. Осы қысқа уақытта команда мүшелері есепті ілгерілету үшін алған міндеттемелері бойынша бір-біріне есеп береді.

Апталық ырғақпен қатар, 4-тәртіптің сыры — команда мүшелерінің кездесу кезінде қабылдайтын міндеттемелері. Олар кезекпен қарапайым сұраққа жауап береді: «Осы аптада таблоға ең үлкен ықпал ететін қандай бір немесе екі маңызды істі жасай аламын?» Кездесуде әр мүше алдымен өткен апта міндеттемелерін орындағанын, содан кейін олардың таблодағы озық не кешігуші көрсеткіштерге әсер еткенін айтады. Соңында келесі аптаға қандай міндеттемелер алатынын белгілейді.

Адамдар жоғарыдан келген бұйрыққа қарағанда өз идеясына міндеттеме алуға бейімдірек. Міндеттеме тек басшыға емес, командадағы әріптестерге берілгенде, ол кәсіби жұмыс талабынан асып, жеке уәдеге айналады. Команда аса маңызды мақсатқа тікелей ықпал етіп жатқанын көргенде, жеңіп жатқанын біледі. Ал жеңістен артық рух пен іске берілгендікті көтеретін нәрсе жоқ.

Есептілік ырғағын қалыптастырыңыз

4-тәртіпте командалар жауапкершілікті бөліседі. Міндеттемелер тек көшбасшылар мен командалар арасында емес, команда мүшелерінің өзара арасында да қабылданады. Апталық міндеттемелерін орындай отырып, команда мүшелері озық көрсеткішке ықпал етеді. Ол өз кезегінде аса маңызды мақсаттың® кешігуші көрсеткіші бойынша табысты болжайды.

Quote PNG

Жұмысына шын берілген адамдарды қайдан табасыз? Сол адамдарға шын берілген көшбасшылардың қасынан табасыз.

— Джим Хьюлинг, «Орындаудың 4 тәртібі» кітабының бірлескен авторы

4-тәртіп: есептілік ырғағын қалыптастырыңыз

01
1-тәртіп:

Аса маңызды мақсаттарға назар аударыңыз
Толығырақ

02
2-тәртіп:

Озық көрсеткіштерге сүйеніп әрекет етіңіз
Толығырақ

03
3-тәртіп:

Ынталандыратын есеп таблосын жүргізіңіз
Толығырақ

04
4-тәртіп:

Есептілік ырғағын қалыптастырыңыз



Стратегияны орындауда серпінді нәтижелерге қол жеткізіңіз

Көшбасшыларға стратегияларды орындап, сату воронкасын дамыту үшін үздіксіз қысым жасалады, алайда бастамалардың көбі сәтсіз аяқталады.

FranklinCovey көшбасшыларға командаларды біріктіруге, аса маңызды басымдықтарға назар аударуға және өлшенетін нәтижелер беріп, өсуді жеделдететін стратегияларды орындауға арналған тексерілген жүйелер ұсынады.

Ең маңызды нәтижелерге қол жеткізіңіз.

Стратегияны орындаудың тексерілген жүйесі арқылы ұйымыңыздың нәтижелілігін өзгерту үшін FranklinCovey сарапшысымен байланысыңыз.

Көрсетілім сұрау

info@franklincovey.kz