1-таңдау: Шұғылға ере бермей, маңыздыға қарай әрекет етіңіз®

Тегін нұсқаулық

Уақытты кәсіби түрде басқарыңыз

Ең маңызды істерді орындауға арналған 7 кеңес

Тегін нұсқаулық

Кәсіби қажудан серпіліске

Қызметкерлердің жұмысқа берілгендігін және нәтижелерін арттырыңыз

Тегін нұсқаулық

Жұмысыңызды жақсы атқару үшін күш-қуатыңызды басқарыңыз

Үнемі жаңарып отыруға арналған 5 кеңес

Вебкаст

Ең маңызды басымдықтарыңызды жүзеге асырыңыз

Уақытты, зейінді және күш-қуатты тиімді жұмсаңыз

Миыңыздың мүмкіндігін тиімді пайдаланып жүрсіз бе?

Бізге ойлау, жасау және жаңалық енгізу үшін ақы төленетін зияткерлік еңбек әлемінде құндылық жасаудың негізгі құралы — миымыз. Бұл үлгіде оның екі негізгі бөлігі қарастырылады: Реактивті ми және Ойланатын ми.

Реактивті ми

Әдеттеріміз бен күнделікті дағдылы әрекеттеріміз осы жерде орнығады. Бұл құнды қабілет: ол бір мәселе бойынша шешімді қайта-қайта қабылдамай өмір сүруге мүмкіндік береді. Реактивті ми болмаса, таныс дүкенге барған сайын GPS қосуға, поштаға кірген сайын құпиясөзді іздеуге және әр таң сайын күн тәртібін қайта құруға тура келер еді.

Ойланатын ми

Бұл жерде саналы таңдау жасаймыз. Мәселелерді шешу, жаңалық енгізу және уақытты қайда жұмсау керегін анықтау — бізге осы бөлікті қолданғанымыз үшін ақы төленеді. Реактивті миға сүйеніп, бұрынғыны қайталай бермей, Ойланатын миды қолданып саналы таңдағанда құндылық қосамыз. Жақсы нәтиже берген таңдауларды болашақта автоматты орындау үшін Реактивті миға көшіреміз.

Нейроғылым тәжірибе арқылы мидың жұмысын қайта құрып, таңдауларымызды ойлы әрі байыпты етуге болатынын айтады. Дәл осындай таңдаулар өміріміздің сапасын, қуанышын және бақытын анықтайды.

Таңдауымыз екі факторға негізделеді:

  • Маңыздылық — істің нәтижесі қаншалықты құнды.
  • Шұғылдық — оны қаншалықты тез орындау керек.

Реактивті ми маңыздыдан гөрі шұғылды таңдайды, өйткені назарды талап еткен мазасыз мәселені басқысы келеді. Ойланатын ми маңыздылықты таңдайды, себебі қайтарымы жоғары нәтижелерді іздейді.

FranklinCovey уақыт матрицасы

Уақыт матрицасы — әр істі Ойланатын ми арқылы бағалап, маңызды, бірақ шұғыл емес әрекеттерге басымдық беруге арналған құрал. Бұл — айрықша өнімділіктің Q2 квадранты. Q2-де неғұрлым көп уақыт өткізсек, өзгенің шұғыл істерімен соғұрлым аз айналысамыз.

Q2-ге өтудің кілті — Реактивті миды бір сәт кідіртіп, алдыңызда қандай іс тұрғанын нақтылау, содан соң оның уақыт пен күш-қуат жұмсауға тұратынын шешу. Бұл — «Кідір — Нақтыла — Шеш» үдерісі. Дәл осы таңдау сәтінде істі қолға алу-алмауды шешпес бұрын оның маңызын саналы түрде анықтаймыз.

Quote PNG

Маңыздыға саналы түрде берілмесеңіз, маңызды емеске бейсаналы түрде берілесіз.

— Доктор Стивен Р. Кови

1
Шұғылға ере бермей, маңыздыға қарай әрекет етіңіз®

Маңыздыны шұғылдан ажыратып, алаңдататын нәрселер көп болса да, зейін қою қабілетіңізді арттырыңыз.

2
Әдеттегіге қанағаттанбай, айрықша нәтижеге ұмтылыңыз®

Ең маңызды рөлдеріңізде табыс нені білдіретінін нақты түсіне отырып шешім қабылдаңыз.

Толығырақ
3
Қиыршық тасты сұрыптамай, үлкен тастарды жоспарлаңыз®

Бұрыннан жоспарланған істердің басымдығын белгілеудің орнына басымдықтарыңызды кестеге енгізуге көмектесетін кеңестер мен құралдарды қолданыңыз. Ең маңызды істерді жоғары деңгейде орындаңыз.

Толығырақ
4
Технологияның сізді басқаруына жол бермей, оны өзіңіз басқарыңыз®

Технологиялар сізге қарсы емес, сіз үшін жұмыс істесін: оларды өнімділікті арттыру құралына айналдырыңыз.

Толығырақ
5
Қажып қалмай, ішкі отыңызды қуаттандырыңыз®

Анық ойлау, дұрыс шешім қабылдау және әр күннің соңында атқарған ісіңізге қанағаттану үшін күш-қуатыңызды арттырыңыз.

Толығырақ
Қызметкерлеріңізге айрықша өнімділікке жетуге көмектесіңіз.

Басшылар мен командаларға алаңдататын факторларды жеңіп, айрықша нәтижеге жетуге көмектесу үшін FranklinCovey сарапшысымен байланысыңыз.

Көрсетілім сұрау

info@franklincovey.kz