Жасампаз жандардың 7 дағдысы®: негіздері

Тегін нұсқаулық

Жасампаз жандардың 7 дағдысы®

Бестселлер кітап қағидаттарына қысқаша нұсқаулық

Тегін нұсқаулық

Жеке жеңістер: іштен сыртқа бағытталған кәсіби өсу

Әлеуетті ашыңыз, нәтижелілікті арттырыңыз

Талдамалық есеп

Көшбасшылық қажеттілігі

Көшбасшылық әлеуетті дамыту нұсқаулығы

Вебинар

Жетіспейтін көшбасшылық қабілеттерді дамытыңыз

Лиз Уайзман мен Дженнифер Колосимоның қатысуымен

Барлық қызметкердің тиімділігін арттырыңыз.

Ұйымыңыздың табысы барлық деңгейдегі, соның ішінде басқарушылық міндеті жоқ мамандардың, әкімшілік персоналдың және өзге қызметкерлердің жеке нәтижесіне байланысты. Жоғары нәтижелілікке жету үшін әр адамның қабілетін ұйым стратегиясымен байланыстыратын ортақ құндылықтар, мінез-құлық үлгілері мен дағдылар қажет.

«7 дағдының негіздері» жаңа курсы арқылы барлық қызметкерге өз мүмкіндігін толық ашуға көмектесіңіз. Бұл — «Жасампаз жандардың 7 дағдысы®: Signature Edition 4.0» бағдарламасына бір күндік кіріспе. Жүргізушімен онлайн, өзіңізге ыңғайлы уақытта және офлайн форматта ұсынылатын курс 7 дағдының негізгі қағидаттарымен, парадигмаларымен және тәжірибелерімен таныстырады. Ол әсіресе клиентпен тікелей жұмыс істейтін немесе негізгі операцияларды орындайтын қызметкерлерге қолайлы.

Қатысушылар кемелденуге және нәтижелілікті арттыруға көмектесетін адам тиімділігінің уақытпен сыналған қағидаттарын меңгереді. Олар шынайы табыстың ішкі өзгерістен басталатынын түсінеді.

Quote PNG

7 дағды — жеке тұлға мен тұлғааралық қарым-қатынасты дамытудың тексерілген үдерісі. Ол бірден де, ұзақ мерзімде де әсер ете алады.

— Доктор Стивен Р. Кови

Проактивті тіл

1-дағды
Проактивті болыңыз®

Жауапкершілікті өз мойныңызға алып, ықпал ете алмайтын нәрсеге емес, ықпал ете алатын нәрсеге назар аударыңыз.

2-дағды
Түпкі мақсатты елестетіп бастаңыз®

Табыстың нақты өлшемдерін белгілеп, оған жету жоспарын жасаңыз — алдағы бірнеше сағатқа, айға немесе бүкіл өмірге.

3-дағды
Әуелі ең маңыздысын жасаңыз®

Басымдықтарды айқындап, ең маңызды мақсаттарға жетуге уақыт бөліңіз.

4-дағды
«Ұтыс/Ұтыс» қағидатымен ойлаңыз®

Әр жағдайда барлық тарап ұтатын жолдарды іздеңіз.

5-дағды
Алдымен түсінуге, содан кейін түсінікті болуға ұмтылыңыз®

Басқаларды тыңдап, олардың көзқарасын түсініп, құрметтеңіз. Өз ойыңыз бен сезіміңізді де құрметпен жеткізуге батыл болыңыз.

6-дағды
Синергияға қол жеткізіңіз®
 

Мәселелерді шешу, жаңалық жасау және әр адам жеке жеткеннен көбірек нәтижеге жету үшін әртүрлі көзқарасты біріктіріңіз.

7-дағды
Араны қайраңыз®

Қалпына келу мен жаңаруға уақыт бөліп, ынтаңызды, қуатыңызды және өмірлік күшіңізді арттырыңыз.

Жеке жеңіс және Ортақ жеңіс

Жеке жеңіс

Алдымен қатысушылар өзін-өзі басқаруға назар аудара отырып, мінезінің негізін нығайтады — Жеке жеңіске жетеді. Олар өз таңдауы, көңіл күйі, әрекеті мен нәтижесі үшін толық жауапкершілік алады. Өзінің бірегей миссиясы мен мақсатын командамен және ұйыммен байланыстыратын мақсаттар қойып, тек шұғыл іске емес, ең маңызды іске назар аудару арқылы сол мақсаттарға жетуді үйренеді.

Ортақ жеңіс

Одан кейін қатысушылар өзгелермен тиімді жұмыс істеуді және ұзақ мерзімді ықпал етуді үйреніп, Ортақ жеңіске жетеді. Олар әр қарым-қатынаста баршаға мүмкіндік жеткілікті деген ойлау тәсілін меңгереді, жанашырлық пен құрмет танытып тыңдауды және өз ұстанымын жеткізуді, сондай-ақ бірлесе отырып бұрын мүмкін деп ойлағаннан да жақсы шешім табуды үйренеді.

Қатысушы жиынтығына кіреді

  • «7 дағдының негіздері» қатысушы нұсқаулығы
  • «Үлкен тастар» құралдары
  • 7 дағдының қысқаша мазмұны берілген карточкалар
  • 21 күндік келісім
  • Living the 7 Habits™ қолданбасы
FranklinCovey оқу форматтары

Бұл курс FranklinCovey All Access Pass® құрамына кіреді. Жазылым ұйымыңызға біздің барлық материалымызға қажет уақытта және қажет жерде шектеусіз қолжетімділік береді.

Жүргізушімен онлайн

Кез келген жерден онлайн форматта белсенді оқыту және дамыту.

Офлайн

Сарапшылармен бетпе-бет оқыту және дамыту.

Өзіңізге ыңғайлы уақытта

Материалдар қызметкерлеріңізге кез келген уақытта және кез келген жерде қолжетімді.

Клиенттер тәжірибесі

Халықаралық азық-түлік өндірісі

Қызметкерлердің мүмкіндігін кеңейту арқылы өсу

Халықаралық азық-түлік өндірушісі бірнеше нарықта өсу үшін қызметкерлердің мүмкіндігін кеңейтуге көңіл бөледі. FranklinCovey компаниясының Жасампаз жандардың 7 дағдысы® курсы арқылы қызметкерлер өз мүмкіндіктерін үнемі кеңейтеді, ал компания жоспарланған өсу мақсатына қарай ілгерілеп келеді.

Mississippi Power

Өзгеріс кезінде адамдар дамитын мәдениет

Mississippi Power ауқымды өзгеріске дайындалуы керек болды. Саланы мемлекеттік реттеудің азаюы клиенттерге қызмет көрсету тәсілін түбегейлі өзгертті. Компанияның Жасампаз жандардың 7 дағдысы® бағдарламасын бүкіл ұйымда көшбасшылық пен тиімділік мәдениетін қалыптастыру үшін қалай қолданатынын біліңіз.

X-FAB

Табысқа жету үшін жеке, командалық және корпоративтік көшбасшылықты дамыту

Аналогтық және аралас сигналды жартылай өткізгіштерді келісімшартпен өндіруде әлемдік жетекші X-FAB тобына ортақ тіл қалыптастырып, команда құру мәселесін шешу қажет болды. Компанияның Жасампаз жандардың 7 дағдысы® бағдарламасын жеке өнімділікті арттыру және түпкі мақсатқа назар аудару үшін қалай қолданғанын біліңіз.

Birchwood Automotive Group

Жоспарлаудан орындауға көшу

Birchwood Automotive Group Жасампаз жандардың 7 дағдысы® бағдарламасын қарым-қатынас пен бизнес жүргізудің ортақ тілі және әдістемесін қалыптастыру үшін қолданады. 7 дағды компания мәдениетін өзгертіп, табыстылықтың артуына ықпал етті.

Негізгі адами дағдыларды дамытыңыз. Әр деңгейде өсуге жол ашыңыз.

Басшылар мен командалардың әлеуетін ашып, ұйымыңыздың нәтижелілігін арттыру үшін FranklinCovey сарапшысымен байланысыңыз.

Көрсетілім сұрау

info@franklincovey.kz