Бірігу мен сатып алудағы құпия қаруыңыз:
біртұтас жоғары сенім мәдениеті

Тегін нұсқаулық

Сәтті бірігу мен сатып алудың құпиялары

Блог

Ұйымдық трансформацияны іске асыру

Подкаст

Топ-басшылармен әңгіме: доктор Стивен Нил Каплан

Тегін вебинар

Белгісіздік жағдайындағы батыл көшбасшылық

Бірігу мен сатып алу мәмілелерінің 70–90%-ы күтілген нәтиже бермейді*. Табыс мүмкіндігін қалай арттыруға болады?

Өршіл топ-басшылар үшін жақсы жаңалық: экономикалық жағдай тұрақсыз болғанына қарамастан, бірігу мен сатып алу мәмілелерінің саны қарқынды өсуде.

Компанияңыз осындай мәмілеге қатысса, еңбегіңіздің жеміс бере бастағаны. Бірақ мәміледен туған қуаныш көп ұзамай басылады: ең қиын жұмыстың енді басталғанын түсінесіз.

Ең перспективалы бірігу мен сатып алудың өзі ұйымға елеулі өзгеріс әкеледі. Онымен бірге көбіне сенімсіздік, өзгеріске қарсылық және мәдени бөліну пайда болады.

Бірігу мен сатып алу кезінде ең алдымен сенім зардап шегеді.

Сенім бұзылған соң пайда болатын күдік, немқұрайдылық, бөліну және қорқыныш ұйым үшін апатқа айналуы мүмкін.

Командаларды осындай өзгерістерден сәтті алып өту үшін басшылар сенім қалыптастыру тәжірибелерін шынайы қолдануы, күрделі әңгімелер мен белгісіздік кезеңдерін тиімді еңсеруі және ашық сөйлесуі керек. Бұл мәдениетті жиі ыдырататын қымбат «сенімсіздік салығын» төлемеуге көмектеседі.

Бірігуге не сатып алуға жетекшілік еткенде, мәдениет көбіне кейінге қалады.

Алайда ондаған жылдық тәжірибеміз бірігу мен сатып алудың сәтті болуы үшін жоғары сенім мәдениеті басты назарда тұруы қажет екенін көрсетеді.

Сәтсіздік қаупі өте жоғары, ал сенім қалыптастыру жоғарыдан басталады. Мәміле табысты болуы үшін басшылар белгісіздік кезінде сенім тудырып, ортақ болашаққа көзқарас қалыптастыруы керек. Біз мыңдаған ұйымға маңызды өтпелі кезеңдерді сәтті өткеруге көмектестік. FranklinCovey көшбасшылық шешімдері бір-біріне сенбейтін, бөлінген қызметкерлерді ынталы әрі ынтымақтаса жұмыс істейтін жаңашылдарға қалай айналдыратынын біліңіз.

Quote PNG

Constellation компаниясының Curi Holdings, Inc. компаниясымен бірігу уақыты келгенде, өзгерістер курсы енгізіліп қойған еді. Командалар жаңа жағдайда бірге қалай сәтті әрекет ету керегін білді.

— Төменде Constellation мен Curi бірігуінің тәжірибесін қараңыз.

Сәтті бірігу мен сатып алу оқиғалары

Constellation-нан Curi-ге

Жобалар мен бірігу кезіндегі өзгерістерді басқару

Constellation, Inc. клиент тәжірибесін ерекшелеу үшін бизнес-процестерді жетілдіретін өршіл стратегияны жоспарлады. Жұмыс тәсілдерін қайта құрып, жаңа заманауи процесс жасайтын бұл стратегия Project Breakout деп аталды. Ол ішкі командалардың ауқымды еңбегін талап етті.

Халықаралық бухгалтерлік компания

Бірігуден кейін біртұтас команда құру

Екі фирма біріккеннен кейін бухгалтерлік компания жаңа кезең бастауды және ортақ тіл қалыптастыруды көздеді. Стратегиясын жаңарту үшін ол үш тіректі анықтады: қызметкерлердің жеке жауапкершілігі, өнімдер мен шешімдердің жоғары сапасы және клиенттермен тығыз ынтымақтастық.

Технологиялар

Кеңейіп жатқан технологиялық компания өсу қиындықтарын еңсереді

Бағдарламалық жасақтама саласындағы жетекші компания сатып алулар арқылы қарқынды өсті. Оның бір командасы қарым-қатынасты жақсарту, тапсырмаларды мерзімінен тезірек орындау және инновацияны арттыру үшін Жасампаз жандардың 7 дағдысы® бағдарламасын қолданып жүрген. Бірақ сатып алынған ұйымдардың ахуалы мұндай жақсы емес еді. Міндет — жаңа ұйымдарды бар салауатты мәдениетке қосу болатын.

ViaWest

Нәтижелілігі жоғары командаларға негіз қалау

Өсу кезеңінде ViaWest 200-ден астам жаңа қызметкер қабылдады, бірнеше шағын компанияны сатып алды және ел бойынша қосымша деректер орталықтарын салып, бизнесін кеңейтті. Әртүрлі жерде жұмыс істейтін қызметкерлер мен жоғары нәтижелі командаларға назар аудару қажеттігі басшыларды дамытудың жаңа бағдарламасын бастауға негіз болды.

Өсіп келе жатқан ұйымыңыздың бар әлеуетін ашыңыз.

Мәдениеттерді біріктіру, басшылардың әрекетін үйлестіру және тұрақты табысқа жету үшін сарапшыларымызбен байланысыңыз.

 

*Christensen, Clayton M., et al. The Big Idea: The New M&A Playbook. Harvard Business Review, Mar. 2011, https://hbr.org/2011/03/the-big-idea-the-new-ma-playbook.

Көрсетілім сұрау

info@franklincovey.kz