Сенім жылдамдығындағы көшбасшылық®

Сенім — нәтижелілікті арттыратын, әсерін сезінуге және өлшеуге болатын фактор.

Тегін нұсқаулық

Командада сенім ортасын құрудың 7 қадамы

Бұйрық беру мен бақылаудан сенім мен шабыттандыруға көшіңіз

Тегін нұсқаулық

Сенімді қалай нығайтуға болады

Тікелей бағынысты қызметкерлеріңіздің әлеуетін ашыңыз

Блог

Эмпатияға негізделген көшбасшылық

Сенімді нығайтып, нәтижелі командалар құрыңыз

Тегін вебинар

Сенімді нығайтып, нәтижеге жететін көшбасшыларды дамытыңыз

Сенімді саналы түрде нығайту қағидаттарын үйреніңіз

Сенім — бүгінгі күннің валютасы. Басшының әр сөзі мен әрекеті командадағы сенім деңгейіне әсер етеді.

Сенім төмен болғанда адамдар күмәншіл болып, ашық сөйлесуден тартынады, жорамал жасайды және жұмысқа қызығушылығын жоғалтады. Соның салдарынан жұмыс баяулап, шығындар өседі. Біз мұны төмен сенім салығы деп атаймыз.

Сенім жоғары болғанда адамдар өздерін сенімді сезінеді, қарым-қатынас, шығармашылық және жұмысқа берілгендік жақсарады. Нәтижесінде жұмыс жеделдеп, шығындар азаяды. Біз мұны жоғары сенім дивидендтері деп атаймыз.

«Сенім жылдамдығындағы көшбасшылық» бағдарламасы басшыларға өз әрекеттерімен сенімді нығайтуға, төмен сенім салығын жоғары сенім дивидендтеріне айналдыруға және команданы жаңа нәтижелерге тезірек жеткізуге көмектеседі.

«Сенім жылдамдығындағы көшбасшылық» бағдарламасын Стивен М. Р. Кови таныстырады:

Сенім екі құрамдастан тұрады: мінез бен құзыреттілік.

Мінез сіздің тұтастығыңызды, уәждеріңіз бен ниетіңізді қамтиды — олар модельдің төменгі бөлігінде көрсетілген. Құзыреттілік қабілеттеріңізді, дағдыларыңызды, нәтижелеріңізді және бұрынғы жетістіктеріңіздіқамтиды — олар модельдің жоғарғы бөлігінде көрсетілген. Басшылар сенімділіктің 4 негізін және жоғары сенімнің 13 мінез-құлық үлгісін® қалай қолданып, команданы нәтижеге тезірек жеткізуге болатынын үйренеді.

Курс туралы

«Сенім жылдамдығындағы көшбасшылық» бағдарламасы үш сабақтан тұрады және бірнеше оқу форматында қолжетімді. Әр формат материалды бекітуге арналған шағын оқу модульдерін қамтиды. Бағдарламаны аяқтаған қалыптасқан командалар үшін офлайн немесе жүргізушімен онлайн өтетін қосымша төртінші сабақ қарастырылған. Оған «Сенім жылдамдығы» курсын аяқтаған командалар қатыса алады.

Сенім неліктен маңызды

  • Төмен сенім салығын жоғары сенім дивидендтеріне айналдыру үшін сенімнің жұмыс жылдамдығы мен шығындарға әсерін байқап, өлшеуді үйреніңіз.
  • Жоғары сенімнің үлгісі болу үшін адамның сенімділігі мен мінез-құлқы әрдайым өзара байланысты екенін түсініңіз.

Сенімге ие көшбасшы болыңыз

  • Өзіңізге деген сенімнің жоғары және төмен екенін көрсететін белгілерді анықтау үшін «Сенім жылдамдығы» басшыны бағалау құралын қолданыңыз.
  • Жоғары сенім дивидендтеріне қол жеткізу үшін жеке сенімділіктің үлгісін көрсетіңіз, сенімді нығайтатын әрекеттер жасаңыз және оларды тек сырттай ұқсатып көрсетуден аулақ болыңыз

Сенім білдіріңіз, оны қалпына келтіріп, дамытыңыз

  • Қарым-қатынаста сенім білдіруге, оны қалпына келтіруге және дамытуға көмектесетін әңгімелерге дайындалып, оларды жүйелі құрыңыз.

Сенім деңгейі жоғары команда болыңыз (қалыптасқан командаларға арналған қосымша сабақ)

  • Командадағы сенімнің жоғары және төмен екенін көрсететін белгілерді анықтау үшін «Сенім жылдамдығы» команданы бағалау құралын қолданыңыз.
  • Бүкіл команда болып сенімділіктің үлгісін көрсетіп, сенімді нығайтатын әрекеттер жасаңыз.
61%
Басшыларына сенетін қызметкерлердің компанияда қалу ықтималдығы 61%-ға жоғары.*
90%
Сенімі жоғары командалардың қызметкерлері 90%-ға көбірек қуаныш сезінеді.†
3.6x
Сенім деңгейі ең жоғары ұйымдарда түсімнің өсуі сенім деңгейі ең төмен ұйымдарға қарағанда 3,6 есе жоғары.‡
FranklinCovey оқу форматтары

Бұл курс FranklinCovey All Access Pass® құрамына кіреді. Жазылым ұйымыңызға барлық материалдарымызға кез келген уақытта және кез келген жерден шектеусіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жүргізушімен онлайн

Кез келген жерден онлайн форматта белсенді оқыту және дамыту.

Офлайн

Сарапшылармен бетпе-бет оқыту және дамыту.

Өзіңізге ыңғайлы уақытта

Материалдар қызметкерлеріңізге кез келген уақытта және кез келген жерде қолжетімді.

Клиенттер тәжірибесі

Frito-Lay

Күткеннен де жоғары нәтижелерге жету үшін сенімді нығайту

Қаржылық апатқа ұшыраудың орнына Frito-Lay күткеннен де жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Экономикалық құлдырау, инфляция және болжап болмайтын ауа райы компанияның жеткізу тізбегіндегі бағалардың күрт өсуіне әкелді. Компанияға бизнес-моделін жедел өзгертуге тура келді. «Сенім жылдамдығы»® компанияға жағдайға жаңаша қарауға және болжау қиын кезеңде жұмыс істеуге қажетті дағдыларды дамытуға көмектесті.

Прово қаласы

Сенім арқылы мәдениетті өзгерту

Прово қаласы қарқынды өсіп, бизнес пен инвестицияларды тарта бастады. Қаланың өз мәдениетін қалай өзгертіп, оң серпінін сақтап отырғанын мына бағдарламадан көріңіз: «Сенім жылдамдығы»®.

Клиент оқиғасы: автомобиль саласы

Үздік нәтижелерге тезірек жету

Автомобиль саласындағы онсыз да жоғары нәтижелі компания өз әлеуетін толық ашуға ұмтылады. Бас директордың айтуынша, FranklinCovey All Access Pass® көмегімен команда үздік нәтижелерге деген ұмтылысын нығайтып, бәсеке күшейетін болашаққа дайындалды.

Marriott

Бүкіл тарихындағы үздік нәтижелер

Белгісіздік кезеңінде қонақүй бизнесі сияқты қатты зардап шегетін салалар аз. Айналадағы жағдай үнемі өзгеріп жатса да, Marriott қызметкерлерге ең маңызды көрсеткіштерге назар аударып, соларға қол жеткізуге бар күшін жұмсауға қалай көмектесетінін біліңіз.

Сенімге ие көшбасшыларды дамытыңыз. Үздік нәтижелерге қол жеткізіңіз.

Ұйымдағы жұмысқа берілгендікті, инновациялар мен нәтижелілікті жедел арттыру үшін FranklinCovey сарапшысымен байланысыңыз.

* Khoury, Ghassan, and Steve Crabtree. “Are Businesses Worldwide Suffering From a Trust Crisis?” The Real Future of Work: The Trust Issue 3. (February 6, 2019) Gallup.
†Johannsen, Rebecca, and Paul J. Zak. “The Neuroscience of Organizational Trust and Business Performance: Findings from United States Working Adults and an Intervention at an Online Retailer.” Frontiers in Psychology 11 (January 11, 2021). 
‡ Bush, Michael C. Essay. In A Great Place to Work for All: Better for Business, Better for People, Better for the World, 58–60. Oakland, CA: Berrett-Koehler Publishers, 2018.

Көрсетілім сұрау

info@franklincovey.kz