Сатудағы түбегейлі өзгеше көшбасшылық

Тегін вебинар

Ерекшеленіңіз. Көбірек сатыңыз.

Тегін нұсқаулық

Серпінді нәтижелерге жету үшін команданың күшін біріктіріңіз

Тегін нұсқаулық

2026 жылы сату командаңызға ерекшеленіп, көбірек сатуға көмектесетін 3 тәсіл

Тегін нұсқаулық

Шешім қабылдайтын тұлғаға шығуға көмектесетін 8 тәсіл

Тиімді сату басшылары командасына ерекшеленуге, көбірек сатуға және болжамды нәтижелерге жетуге көмектеседі.

Сатудың нәтижелілігі сату басшыларын команда үшін ең маңызды басымдықтарды айқындауға, ал қызметкерлерді компанияны бәсекелестерден ерекшелендіретін сату мәдениетін қалыптастыруға жұмылдыруды көздейді.

«Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу: сатудағы түбегейлі өзгеше көшбасшылық» сату басшыларына командаларын тиімдірек басқаруға және дамытуға көмектеседі. Басшылар қызметкерлерді шабыттандыруды, коучинг арқылы қолдауды және дамытуды үйренеді. Соның арқасында қызметкерлер бүкіл сату циклі бойында әр клиент үшін ең маңыздысына назар аударып, мәмілелерді жылдамырақ әрі болжамды түрде аяқтау үшін негізгі басымдықтарды іске асырады.

Курспен танысу:

Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу®: сатудағы түбегейлі өзгеше көшбасшылық

Курс туралы

«Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу» басшылар мен олардың командаларына икемді оқуды ұсынады: оны бір күнде өткізуге немесе төңкерілген сынып форматындағы сабақтарға бөліп ұйымдастыруға болады. Әр нұсқа оқу тапсырмаларын, білімді бекітетін микрооқуды және күнделікті жұмысқа кіріктірілген тиімді сату құралдарын біріктіреді. Әр оқу траекториясы сату командасының қажеттіліктеріне бейімделеді.

Мақсаттар:

  • «Дағды — ынта» матрицасы арқылы команданың қазіргі жағдайын бағалау.
  • Тиімді жеке (1-ге-1) коучинг кездесулерін өткізу.
  • Сыналған тәжірибелер арқылы коучинг мәдениетін қалыптастыру.
  • Ара-тұра жететін жетістіктерді тұрақты, болжамды нәтижелер жүйесіне айналдыру.
1
Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу®: сатудағы түбегейлі өзгеше көшбасшылық

Басшыларға команда мүшелерін шабыттандыруға, коучинг арқылы қолдауға және жоғары нәтижелерге жету үшін дамытуға көмектеседі.

2
Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу®: клиенттерді қызықтыру

Сату мамандарын бәсекелестерге қарағанда клиент үшін маңыздырақ, өзгеше әрі есте қаларлық болуға дайындайды.

Толығырақ
3
Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу®: шешім қабылдауды ілгерілету

Сату мамандарына жоғары сенім мен кәсіби беделге сүйене отырып, клиенттерді сатып алу жолында сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

Толығырақ
4
Клиенттерге табысқа жетуге көмектесу®: өзара тиімді келіссөздер жүргізу

Сату мамандарын маржаны арттырып, клиенттердің қанағаттануын қамтамасыз ететін өзара тиімді нәтижелерге жетуге дайындайды.

Толығырақ

Сатуда серпінді нәтижелерге қол жеткізіңіз

Басшылар стратегияларды іске асырып, сату мүмкіндіктерін дамыту қажеттілігінің үздіксіз қысымын сезінеді, алайда бастамалардың көбі сәтсіздікке ұшырайды.

FranklinCovey басшыларды командалардың жұмысын үйлестіруге, аса маңызды басымдықтарға назар аударуға және өлшенетін нәтижелерге жеткізіп, сатудың өсуін жеделдететін стратегияларды іске асыруға көмектесетін сыналған жүйелермен қамтамасыз етеді.

Клиенттер тәжірибесі

Enterprise Rent-A-Car

Бәсекелестерден озу үшін клиенттерді қанағаттандыру

Enterprise Rent-A-Car барлық клиенттердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыру арқылы компанияның өсуі мен қызметкерлердің дамуына жол ашуды көздеді. Клиенттердің адалдығына назар аудару компанияға небәрі бірнеше жылда автокөлік жалдау нарығындағы төменгі орындардан көшбасшылыққа көтерілуге қалай көмектескенін біліңіз.

Клиент тәжірибесі — коммерциялық емес ұйым

Бірінші деңгейдегі басшыларға адамдарды шабыттандыруға және нәтижеге ықпал етуге көмектесу

АҚШ-тың батысындағы ең ірі коммерциялық емес ұйымдардың бірінің миссиясы тым ауқымды, ал жақсы идеялары өте көп еді. FranklinCovey All Access Pass® көмегімен ұйым басымдықтарын айқындап, адамдарды нәтижеге шабыттандырып, кірісін және клиенттердің қанағаттануын арттыра алды.

PepsiCo Food

Ұйымның барлық деңгейінде эмпатиясы жоғары көшбасшыларды дамыту

PepsiCo Foods North America компаниясы мазмұны оқу барысында біртіндеп тереңдей түсетін жүйелі көшбасшылық бағдарламасын жасауды көздеді. FranklinCovey All Access Pass® материалдарын іріктеп, ұйымның барлық деңгейінде эмпатиясы жоғары көшбасшыларды дамытуға арналған CORE Leadership бағдарламасын іске қосты.

Whirlpool

Сату нәтижелілігін кең ауқымда арттыру

Whirlpool сату қызметкерлерінің өнімділігін арттыратын сыналған үдеріс іздеді. «Орындаудың 4 тәртібі»® сатуға және нақты мақсатқа бағытталған әрекеттерге назар аударуға қалай көмектескенін біліңіз: алғашқы 90 күннің өзінде қосымша 5,7 млн доллар әкелді.

Шын мәнінде ерекшеленіңіз. Сату нәтижелерін өзгертіңіз.

Сату басшылары мен командаларыңызға тұрақты өсуді қамтамасыз етуге көмектесу үшін бүгін FranklinCovey сарапшысымен байланысыңыз.

Көрсетілім сұрау

info@franklincovey.kz