Z буынына команданың бір бөлігі болуға көмектесетін бейімдеу
Тегін нұсқаулық
Ең маңызды істерді атқаруға арналған 7 кеңес
Блог
Көбірек жауапкершілік алудың алғашқы қадамы
Бейне
Әлеуетті ашып, нәтижелілікті арттырыңыз
Тегін нұсқаулық
Мәдениетіңізде молшылық ойлауын дамытыңыз
Z буынына шын мәнінде не қажет екенін біліңіз.
Болжам бойынша, 2025 жылға қарай Z буыны жұмыс күшінің төрттен бірін құрайды*. Алайда жаңа түлектерге жұмыс орнында табысқа жету оңай емес. Компания басшыларының 40% түлектерді жұмысқа дайын емес деп санайды. Олар еңбек жолын алғаш бастаған жастардың басты қиындықтары ретінде коммуникация дағдылары мен еңбекке көзқарасын атайды.
Z буынына әлеуетін ашып, нәтижелілігін арттыру үшін ұйымыңыздың көмегі қажет.
Қазіргі табысты ұйымдар үшін ұрпақтар арасындағы алшақтықты азайту аса маңызды. Қолайлы әрі үйлесімді мәдениетпен қатар, түлектерге табысты әріптес және жаңашыл болуға көмектесетін жеке тиімділік пен қарым-қатынас құру дағдыларын қамтитын бейімдеу, оқу және даму бағдарламалары қажет.
Компания басшыларының 40% жоғары оқу орнын жаңадан бітіргендерді жұмысқа дайын емес деп санайды.
Жасампаз жандардың 7 дағдысы®
Жасампаз жандардың 7 дағдысы® Z буыны қызметкерлеріне жеке тиімділік дағдыларын меңгеріп, кәсіби ұмтылыстарын жүзеге асыруға және жаңа жұмыс ортасына бейімделуге көмектесетін уақытқа тәуелсіз қағидаттарды ұсынады. Осы дағдыларды алғашқы күннен дамытуға басымдық беру жаңа қызметкерлеріңіз бен ұйымыңыздың ұзақ мерзімді табысына негіз болады.
Z буынына табысқа жетуге көмектесу үшін алшақтықты азайтыңыз.
Z буыны қызметкерлерінің табысы оларды еңбекке және компанияңыздың бірегей мәдениетіне үйрететін сапалы бейімдеу үдерісіне байланысты. Жаңа түлектерге өнімділік, ынтымақтастық және тиімді коммуникация сияқты өзін-өзі басқару дағдыларын әрі кәсіби қарым-қатынас құруды қамтитын үздіксіз оқу және даму бағдарламалары қажет.
Жаңа қызметкерлерге 1-күннен табысқа жетуге көмектесу арқылы ұйымыңызды болашаққа дайындап, болашақ көшбасшыларды дамытасыз. Төмендегі материалдарды жүктеп, төмен белсенділікке, нашар өнімділікке және кадрлардың жиі ауысуына әкелуі мүмкін ұрпақтар арасындағы алшақтықты азайтуды бастаңыз.
7 дағдының әсерін тікелей онлайн-вебкаста сезініңіз.
Осы тегін вебкаста мыналарды үйренесіз:
- Адамдарға проактивті болуға, басымдықтарын тиімді белгілеуге, уақытын жақсы басқаруға және анық әрі нәтижелі қарым-қатынас жасап, бірлесе жұмыс істеуге көмектесу.
- Бүкіл ұйымда ортақ тіл мен табыс мәдениетін қалыптастыру, шығармашыл әрі ынтымақтастығы мықты командаларды дамыту және серпінді нәтижелерге жету.
- Қолжетімді шығынмен әрі оңай 7 дағды бағдарламасын түрлі аудиторияға әртүрлі форматта енгізіп, басшылар мен қызметкерлердің қолдауына ие болу және ауқымды ықпал ету.
Адамдарыңыздың әлеуетін ашып, 7 дағдының әсері арқылы ұйым нәтижелерін арттыру үшін тіркеліңіз.
Registration details
| Өзіңізге қолайлы уақыт таба алмадыңыз ба? | Жазбаны көру |
Ұйымыңызға 7 дағдыны енгізу туралы көбірек білу үшін нысанды толтырыңыз.
*Kelly, Jack. “How Employers Can Meet the Needs of Gen Z Workers.” Forbes, 17 Nov. 2023, https://www.forbes.com/sites/jackkelly/2023/11/17/how-employers-can-meet-the-needs-of-gen-z-workers/. Accessed 13 Feb. 2025.













