Нәтижеге жеткізетін жазбаша коммуникация™
Тегін нұсқаулық
Жазып жүрсіз — жазғаныңыз нәтижелі болсын
Тегін нұсқаулық
Дағдылардағы олқылықтарды жойып, командаларыңызды болашаққа дайындаңыз
Тегін нұсқаулық
Көшбасшыларға арналған түсінікті коммуникация нұсқаулығы
Тегін вебинар
Сет Годин мен Тодд Дэвистің қатысуымен
Түсініксіз мәтіндер бүкіл жұмысты баяулатады.
Хабарламалар қате оқылғанда немесе түсіндірілгенде, олар жобаларды тежейді, адамдардың көңілін қалдырады және ынтымақтастыққа кедергі келтіреді. Қазіргі жылдам өзгеретін гибридті жұмыс ортасында түсінікті жазу бұрынғыдан да маңызды әрі күрделі.
«Нәтижеге жеткізетін жазбаша коммуникация» қатысушыларға ойды нақтылауға және әрекетке жетелейтін хабарламалар жасауға көмектесетін икемді, қайталап қолдануға болатын үдерісті ұсынады. Әр хабарламада түсініктілік пен оқырманмен байланысқа мән беру арқылы қатысушылар адресатқа назар аударып, ойларын жүйелеуді және әрекетке шабыттандыратын өзіндік мәнерде жазуды үйренеді.
Курста ЖИ туралы қосымша бөлім де бар: ол өзіндік жазу мәнері мен сыни ойлауды сақтай отырып, идеялар табуға, мәтіннің алғашқы нұсқасын жазуға және оны өңдеуге көмектеседі. Өйткені тиімді жазбаша коммуникация ойдың анықтығынан басталады.
«Нәтижеге жеткізетін жазбаша коммуникация» курсымен танысу
Әрекетке жетелейтін хабарламаларды жоспарлап, құрылымдаңыз: әуелден нақты мақсат пен күтілетін нәтижені айқындаңыз.
Мәтіннің алғашқы нұсқасын жылдам, сенімді әрі түсінікті жазып, өзіндік мәнеріңізді анықтаңыз және қолданыңыз.
Хабарламаңызды жетілдіріп, аудиторияны сендіру үшін қолда бар ақпарат пен ЖИ құралдарын пайдаланыңыз.
FranklinCovey оқу форматтары
Бұл курс FranklinCovey All Access Pass® құрамына кіреді. Жазылым ұйымыңызға біздің барлық материалымызға қажет уақытта және қажет жерде шектеусіз қолжетімділік береді.
- Жүргізушімен онлайн
- Офлайн
- Өзіңізге ыңғайлы уақытта
Мәтін жазу — жай кеңселік жұмыс емес, стратегиялық қажеттілік.
Түсініксіз коммуникацияның тәуекелдері туралы және «Нәтижеге жеткізетін жазбаша коммуникация» курсы басшылар мен командаларға үнемі әрекетке шабыттандыратын ықпалды хабарламалар жасауға қалай көмектесетіні туралы біліңіз.
Басшыларыңызға ынтымақтастықты жақсартуға, адамдарды әрекетке шабыттандыруға және ықпалын арттыруға көмектесу үшін FranklinCovey сарапшысымен байланысыңыз.
*Grammarly: The 2024 State of Business Communication
^Grammarly: The 2022 State of Business Communication













